Шылым шегуді тоқтатуға болады

Шылым шегуді тоқтатуға болады

Шылым шегуді тоқтатуға болады
ашық дереккөзі
          Дүниежүзі ғалымдарының болжауынша, вейпинг жарты жылдың ішінде темекіге тәуелділікті жоя алады. Таяуда Кокрейн Ревью тәуелсіз зерттеу орталығы тағы бір дәлел келтірді, онда электронды темекі  денсаулыққа зияны аз және келешекте жат қылықтан арылудың алдын алуға көмектеседі делінген. 2014 жылы зерттеушілер электронды темекі шылым шегуді алмастыра алады деген тоқтамға келген болатын. Енді осы екі жылдың ішінде вейпинг қолданушылардың ағзасына қандай-да бір зиянды әсерінің болмағаны байқалып отыр. Зерттеуге 600-ден астам шылым шегуші қатысқан. Никотин қосылған электронды шылым 6-12 айдың ішінде шылымнан бас тарту мүмкіндігін жоғарылатады. Сондай-ақ зерттеу авторы Джейми Хартман-Бойстың пайымдауынша, зерттеудің оң нәтижелерін көрсеткен. "Біз электронды шылымның ықпалы туралы ақпараттың жыл сайын толығып, түсінікті бола түскеніне қуаныштымыз. Себебі, бұл гаджет жаңадан шыққан, оның ағзаға әсерін әлі де зерттеу қажет. 2014 жылдан бастап жаңадан 11 бақылау мен зерттеу жарияланды. Біздің әдістеме нақты, әрі зерттеуді шылымнан біржола бас тарту мақсатында жүргізеді. Сонымен қатар осы 11 зерттеудің ішінде ешқайсысы электронды шылымның кері әсерін байқаған жоқ, десе де бізге әлі ұзақмерзімді зерттеулер нәтижесін зерделеу керек" деді ол. Қазақстанда да вейпинг кең таралуда, оған осы өнімді сататын дүкендердің көбеюі дәлел. Алматыда тіпті вейпинг фестивалі ұйымдастырылды. Дегенмен елімізде электронды шылымның қандай да бір әсері туралы ақпарат аз, көпшілік білмейді. "Права курящих в Казахстане" интернет қауымдастығының негізін салушы Денис Ибрагимовтың айтуынша, шылым шегуді азайту концепциясы - шылым шегуден бас тартуға деген саналы қадам, ал электронды шылым туралы Қазақстанда да зерттеулер жүргізу керек. "Ғаламторда жарияланған мәліметтерге сүйенсек, бұл өнімнің дәстүрлі темекіге қарағанда зияны аз. Бірақ бұл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін жаңа өнім болғандықтан, әлі де зерттеу жүргізуді талап етеді, ал зияны тіпті жоқ десе таң қалмаймын. Бүгін нарықтағы электронды шылым жаңартылып, мүлде басқаша болып шығуы мүмкін. Елімізде шылым шегуге мүлде қарсы топтар бар, олар шылымнан бірден бас тарту керек деген қағиданы ұстанады" деді. Әсілі, шылым шегуге бой алдырған адамзат өз ағасызмен қатар өзгерлерді улайтынын білсе де, бас тартуға келгенде әлсіздік танытады. Сондықтан ғалымдар темекінің зияны аз баламасына ауысуды ұсынып отыр.