Ұлытау ауданында алапат өрт 368 гектар жерді қамтыды (видео)

Ұлытау ауданында алапат өрт 368 гектар жерді қамтыды (видео)

Ұлытау ауданында алапат өрт 368 гектар жерді қамтыды (видео)
ашық дереккөзі
Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылының жайлауында өрт шығып, кейбір бейресми деректерге сәйкес 350 мал қырылған.
 Saryarqanews.kz сайтының хабарлауынша, Ұлытау ауданында 10 дала өртінің оқиғасы тіркелген. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ауданы 368 гектар жерді қамтыған. Ұлытау ауданының Амангелді (Сарлық ауылынан 90 км), Жангелді (Байқоңыр ауылынан 30 км), Амангелді (Сарлық ауылынан 30 км), Ақтас ауылдық округтерінде өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатқан көрінеді. Ал Stan.kz ақпарат агенттігі «Қарағанды облысында жайлаудағы өрттің салдарынан жүздеген мал басы қырылып, ер адам мерт болды» деп жазды. Алайды адам шығыны туралы әзірге нақты ресми ақпарат шыққан жоқ. https://www.youtube.com/watch?v=fxiRlomF_qg

Жүктелуде...