Домбыра күні: Шенеуніктер күймен құттықтап, челлендж бастады (видео)

Домбыра күні: Шенеуніктер күймен құттықтап, челлендж бастады (видео)

Домбыра күні: Шенеуніктер күймен құттықтап, челлендж бастады (видео)
ашық дереккөзі

Ұлттық домбыра күніне министрлер мен әкімдер де өзінше үн қосып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуелі Сауда және интегарция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, «Ерке сылқымнан» үзінді тартты.
«Жақында Орталық Азияға жасаған сапарымда ауған шекарасынан 500 метр қашықтықта домбыра үнін естідім. Елден барған делегация жат жерде домбыра үнін естіп, көңілдері көтеріліп, қол шапалақтады. Мен қай елде болсам да, домбыраның үні мені әрқашан үйіме жетелейді. Сондықтан болар, домбыраны «қазақтың жаны» деп атайды. Қазір «қазақстандықтың жаны» деп айту дұрысырақ болар», -деп жазды министр Facebook парақшасында.
 width= Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов те ұлттық өнерден кенде емес екенін көрсетіп, композитор Ренат Гайсинмен бірге Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін ойнады. Мерекеге орай әкім елорда тұрғындары мен әріптестерін домбырада ұлттық күйлерді орындау челленджіне қатысуға шақырды.
«Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова және басқа да көптеген композиторлардың күйлері халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Елбасы атап өткендей, домбыра әуендері - ерекше музыка, ал аспаптың өзі – «қазақтың жаны». ( ... ) Жеткіншектер мен жастарымыздың ұлттық аспапта ойнауға белсенді қызығушылық танытатыны қуантады», - деп жазды елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

 width=