Жаңалықтар

Мақаншыда маңызды шаралар өтті

ашық дереккөзі

Мақаншыда маңызды шаралар өтті

Ел nәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, елорда күні мерекесі қарсаңында Мақаншы ауылында 128 орындық балабақша ашылды. Бұл туралы ШҚО Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов өзінің әлеуметтік парақшасына жазды. «Осынау айтулы күн қарсаңында Мақаншы мектебіне су жаңа төрт автобус сыйлаған болсақ, енді міне жаңадан балабақша ашылып жатыр. Еліміздің келешегі кемел болуы үшін бүгінгі ұрпақ осындай жайлы да жақсы балабақшада тәрбие алуы керек», – деді салтанаты шараға қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Кәлембек Қарашаев. Сондай-ақ, мерекеге орай, аудан орталғында жаңа бассейін ашылды.