Ғалымдар үнді штамын «өлім вирусы» деп атады

Ғалымдар үнді штамын «өлім вирусы» деп атады

Ғалымдар үнді штамын «өлім вирусы» деп атады
ашық дереккөзі
«Дельта» штамы деп аталатын коронавирустың үнділік нұсқасының салдары басқа түрлерге қарағанда ауыр болуы әбден мүмкін. Мұндай пікірді NBC телеарнасының эфирінде АҚШ Аллергиялық және инфекциялық аурулар Ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи мәлімдеді, – деп жазды ҚазАқпарат. Оның атап өтуінше, вирустың бұл түрі әлдеқайда жұқпалы болуы мүмкін. «Ол адамнан адамға оңай жұғады», - деді Энтони Фаучи. Энтони Фаучи америкалық зерттеушілер танысып өткен ғылыми мәліметтер бойынша, аталған штамды жұқтырғандарды «ауруханаға жатқызуға тура келетін, ал кей жағдайларда өлімге апаратын ауыр дертке апаратындықтан» «өлім тудыратын вирус» екенін жеткізді. Маусымның соңында АҚШ-тың Ауруларды қадағалау және алдын алу федералдық орталықтарының басшысы Рошель Валенски америкалық мамандар дельта-штамын зерттеп жатқанын мәлімдеді. Еске салсақ, «Дельта», яғни үнді штамы әлемнің 100-ге жуық елінде тіркелді. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірінде үнді штамы табылды.