WBC рейтингі: Жәнібек Әлімханұлы үздік үштікке енді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты, – деп жазды Sports.kz.

Орта салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алтыншы орыннан үшінші орынға көтерілді.

Тізімде Мексика боксшысы Хайме Мунгия көш бастап келсе, екінші орында украиналық боксшы Сергей Деревянченко тұр.

WBC-дің орташа категориядағы әлем чемпионы – АҚШ спортшысы Джермалл Чарло.

Еске сала кетсек, 27 маусым күні Лас-Вегаста өткен жұдырықтасуда Жәнібек WBA-ның орташа дивизионда бұрынғы әлем чемпионы Ром Брантты техникалық нокаутпен жеңді. Ол кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.

Сондай-ақ рейтингте тағы бір қазақстандық боксшы – Мейірім Нұрсұлтановтың есімі тұр. Ол тізімде 14-ші орында орналасқан.

Back to top button