Халық ақыны Әселхан Қалыбекова өмірден озды

Халық ақыны Әселхан Қалыбекова өмірден озды. Бұл суыт хабарды айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Түркістан облысының «Құрметті азаматы», «Құрмет», “Парасат” ордендерінің иегері Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.

Жазушылар одағы Жамбыл атындағы сыйлығының тұңғыш иегері (1989).

Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Қазақ КСР – ның Халық ақыны құрметті атағы берілді (1990 ж. 6 сәуір).

Айтыс ақтаңгері Әселхан Қалыбекованың “Отырар аспаны” (1994), “Басыңды тікпей бақ қайда?! ” (1990-2000), “Алладан пәрмен сұраған” (2000), “Сырттан кеткен тамырлар” (2004), “Жыр-Шапағат” (2008), “ Әселхан Әлемі” (2008) атты кітаптары жарық көрген.

Back to top button