Жанартау себеп болуы мүмкін: Каспий теңізінде жарылыс болды

Каспий теңізінің Әзербайжан бөлігінде жарылыс болды, – деп хабарлады Trend агенттігі.

«Каспий теңізіндегі жарылысқа байланысты Әзербайжанның экология және табиғи ресурстар миристрлігі мен Сейсмологиялық қызметтің республикалық орталығы тарапынан тексеру жүргізілуде», – делінген агенттік хабарламасында.

Ресми органның хабарлауынша, мамандардың болжам нұсқасы бойынша, жарылысқа жанартаудың атқылауы себеп болуы мүмкін.

Back to top button