Кейбір әлеуметтік желілердің қызметіне шектеу қойылды

5 шілде, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Кейбір әлеуметтік желілердің қызметіне шектеу қойылды Өзбекстан Республикасында азаматтардың жеке деректерін заңсыз өңдейтін әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қойылды, – деп жазды ӨзА агенттігі. «Узкомназорат» Өзбекстан Республикасының Ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік испекциясы «Дербес деректер туралы» Заңының 271-бабына қайшы азаматтардың жеке деректерін өңдеуге байланысты кейбір әлеуметтік желілер 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап «Жеке деректерді бұзушылар тізіліміне» енгізілді және Интернет желісінде осы ресурстан ӨР аумағында пайдалану тиісті тәртіпте, анықталған кемшіліктер жойылмайынша оның қызметі шектелді», – делінген ресми органның хабарламасында.