Әкесі қызын құтқарам деп суға кетті: Жайықтан 48 жастағы ер адамның денесі табылды

Әкесі қызын құтқарам деп суға кетті: Жайықтан 48 жастағы ер адамның денесі табылды

Әкесі қызын құтқарам деп суға кетті: Жайықтан 48 жастағы ер адамның денесі табылды
ашық дереккөзі
БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға Жайық өзенінде болды. Сағат 15.43-те 1973 жылғы ер адам он жасар қызын құтқарам деп суға кеткен. Оның денесін сағат 17.10-да жедел құтқару жасағының іздеу тобы судан шығарды. Шомылуға жабдықталмаған жерден түсіп, суға кеткен қыздың денесін куәгерлер шығарып алған. Облыста осымен жыл басынан бері 14 адам суға кетсе, соның алтауы балалар болып отыр. БҚО ТЖ департаменті рұқсат етілген және жағажайларда ғана суға шомылуға болатынын тұрғындар есіне салады. Рұқсат етілмеген, сондай-ақ, ескертулері бар белгілерден асып жүзуге, күн көзіне қатты қыздырынып, суға секіруге болмайды. Мас күйде де шомылуға болмайды.