Асанәлі Әшімов: Түркістан ескерткіштер қаласы болуы керек

Асанәлі Әшімов: Түркістан ескерткіштер қаласы болуы керек

Асанәлі Әшімов: Түркістан ескерткіштер қаласы болуы керек
ашық дереккөзі
Түркі елінің рухани астанасы – Түркістанда мемлекет қайраткерлері, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері бас қосып, көне шаһардың көрнекті жерлерін аралады. Қазақстан халық әртісі, Мемлекет және қоғам қайраткері Асанәлі Әшімов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, Қазақстан  Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті, академик,  профессор Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай,  жазушы, Түркістан облысының Құрметті азаматы Мархабат Байғұт, қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Көпен Әмірбек, мүсінші  Тілеуберді Бинаш алдымен «Сапар орталығында» болып, мұндағы жәдігерлермен танысты. Қазақтың тарихынан сыр шерткен бейнебаян тамашалап, тарихи мекен туралы тың деректермен танысты.  width=  
«Мен өзім Кентауда өстім. Ол кездегі Түркістан мен қазіргі шаһардың айырмашылығы көп. Көркейіп, мүлдем өзгеріп кеткен. Бүкіл мұсылман қауымы үшін екінші Мекке саналатын киелі Түркістан қаласы енді туристік бағытта дамиды. Жаңадан ашылған нысандар соның бастамасы. Сонымен қатар, бұл қасиетті мекенде  қаншама ұлыларымыздың, хандар мен билеріміздің сүйегі жатыр.  Түркістан ескерткіштер қаласы болуы керек. Әбу-Насыр әл Фарабиден бастап барлық тұлғаларымыз бір-бірін толықтырып, жалғастырып тұруы тиіс», - деді Қазақстан халық әртісі, мемлекет және қоғам қайраткері Асанәлі Әшімов.
 width= Түрленген Түркістан қаласының жаңа келбетімен танысқан делегация рухани астанадағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Бабалар рухына құран бағыштап, елдің амандығы үшін дұға жасады. Ары қарай жаңарған шаһардың бүгінгі келбетін тамашалады. Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығындағы Н.Назарбаев алаңына қойылған «Ұлы Даланың Ұлы» атты Елбасы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. «Елімізде 30 жылдың ішінде жасалған түбегейлі өзгерістер, ұлы істер туралы сіздер жақсы хабардарсыздар. Осы жасалған жұмыстың барлығы тікелей Елбасының атымен байланысты. Осыдан тура 3 жыл бұрын Түркістан облысын құрылып, Түркістан қаласын күллі түркі әлемінің орталығына айналдыруға мүмкіндік беретін ұлы жұмыстар басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы салиқалы саясатының арқасында бүкіл әлемде Қазақстанның  беделі өсті. Мінекей, осының барлығы Елбасының көрегендігінің жемісі, елдің абыройының бүкіл әлемге таңылғанының көрсеткіші»,-деді өз сөзінде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев.  width=
«Ең ұлысы, мен ойлаймын, ол – тарих. Сол тарихтағы  адамның алатын орны. Ол тұрғыдан келгенде де біздің Елбасының  алатын орны, жалпы Қазақстан үшін жасаған жаңалықтары,  соның барлығы тарихта жазылып тұр. Сондықтан, біз мұны жай ғана ескерткіш деп қарауға болмайды. Мұны біз шын мәнінде, әділеттіліктің, сабақтастықтың және алға өрлеудің алғы шарты деп қарауымыз керек», – деді Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.
 width= Ескерткіш еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың егіс алқабында түскен фотосуретіне қарап жасалған. Мүсіннің композициясында  «Ұлы Даланың Ұлы» атты Елбасы ескерткішінде қарт Қаратаудың сұлбасы бейнеленген. Автор Елбасының Қаратау жазығында шексіз далаға байыппен қараған сәтін суреттеген. Елбасына ескерткіш қою туралы бастаманы жергілікті кәсіпкер Болатбек Алиев көтеріп, аталған идеяға түркістандық ардагер-ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер,  қоғамдық ұйым өкілдері қолдау білдірді. Облыс әкіміне үндеу жазған тұрғындардың өтініш-тілектері Орталық  мемлекеттік органдар келісімімен жүзеге асты.