Дархан МЫҢБАЙ. Ой қозғаған домбыра
Дархан МЫҢБАЙ. Ой қозғаған домбыра
Жарықтық Жамбыл бабамыздың тіршіліктегі жүз жылдық ғұмыры да, мың жасайтын жауһар жыры да – ұлтымыздың ғана емес, әлемнің мақтанышы.
Жыр алыбы туралы сөз – 175 жылдық мерейтойына ғана арналмауы керек. Ол – адам ретінде де, Ұлы дала тұлғасы ретінде де мәдени мұрамыздың алтын көмбесі, қазақтанудың мәңгілік нысанасы. Ер қазақ ғасырлар бойы жанынан тастамаған домбыраның құдыретін ақын қалай шебер суреттеген десеңізші:
"Сиясауыт, қаламсыз сөз қозғаған домбыра,
Кiтап, дәптер, қаламсыз ой қозғаған домбыра”.
Шүкір, домбырамызды қазір де үкілеп, қадірлейміз. Оған арнайы күн арнадық. Ақындарымыз да – төрде, ән-күйіміз де – Тәуелсіз Қазақстан аспанында асқақтап тұр. Ендеше, халықтың жаны мен рухы - домбыра бастаған ұлт музыка аспаптары дүйім жұрттың сөзін, берекелі елдің ойын қозғайтын қасиетінен жаңылмасын дейміз.
Автордың Facebook-тегі парақшасынан алынды.