Нұр-Сұлтанда Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды

Нұр-Сұлтанда Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды

Нұр-Сұлтанда Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды
ашық дереккөзі

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Астана күні қарсаңында дәулескер күйші Дина Нұрпейісоваға ескерткіш қойылды. Мемлекеттік хатшы домбыраның рухани мәнін атап өтіп, Дина Нұрпейісованың шығармашылығына ерекше тоқталды. "Бүгін біз қазақ халқының сүйікті әрі қадірлі Дина Нұрпейісованың ескерткішін салтанатты түрде ашып отырмыз. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Атырау облысының жұртшылығына және мүсінші Бауыржан Жалынға осы тамаша жобаны іске асырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Ең алдымен, бұл ұлттық өнерге арналған ескерткіш, - деді Қырымбек Көшербаев. Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, күйші Айгүл Үлкенбаева және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.