Жаңалықтар

Қостанайда әкесі баласын балтамен ұрып өлтірді

Облыстық полиция басқармасы 30 жастағы тұрғынның өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп жазады alau.kz.

Оқиға Қостанайда болған. Ішімдікке мас болған баласы күзетші болып жұмыс істейтін қарт әкесінің жұмыс орнына келген. Екеуінің арасында жанжал туындап, күдікті, яғни әкесі ұлының басына балтамен ұрған. Алған жарақатынан ұлы қайтыс болған.

Back to top button