Алматыда қоймадан шыққан өртті тікұшақпен сөндірді
Алматыда қоймадан шыққан өртті тікұшақпен сөндірді
Алматыда қоймада ірі өрт болды. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, 3 шілде таңғы сағат 4:44 шамасында Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
«Күштер мен құралдар жоғары дәрежедедегі шақырту бойынша шықты. Келген кезде қоймалар ашық жалынмен жанып жатты. Оқиға орнында штаб, 4 өрт сөндіру учаскесі құрылды, қолда бар сумен жабдықтау көздері іске қосылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді, өртті сөндіруге авиация тартылды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 84 қызметкер мен 24 техника жұмылдырылды. Өрт таңғы сағат 07:44 минутта оқшауланып, 08:19 минутта толығымен жойылды. Қабылданған шаралардың арқасында сол маңдағы 4 қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді.