Жаңалықтар

Олимпиададағы жеңісі үшін қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанатын спортшыларды қандай сыйақы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде Мәдениет және спорт министрі Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін ынталандыру ережесі қалай іске асатынын еске салды.

«Үкіметтің Жарлығымен 2020 жылы Олимпиадада жеңіске жеткен жеткен спортшыларға, олардың ұстаздарына, бапкерлеріне арналған әрбір спорт түрі бойынша сыйақы беру туралы ережелер қабылданған болатын. Өздеріңіз білесіздер, осы құжат бойынша бірінші орын спортшы мен бапкер үшін 250 мың доллардан беріледі. Соның ішінде бапкерлердің төлемақысынан 10 пайызы осы спортшыны ең бірінші тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге беріледі. Қалған 10 пайызы осы спорт түрінен бас бапкерге төленеді», – деді министр.

Ведомство басшысы бұл жерде Олимпиада медалі нақты адал жолмен алынғаны маңызды екенін атады. «Екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орын 75 мың доллар болып азая береді. Әрине, өзіңіз айтқандай, ең алдымен спорт жетістігінің нақты екені дәлелденген кезде бұл сыйақы төленеді. Заңды түрде осылай негізделген», – деді министр.

Back to top button