Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 541 науқастың жағдайы ауыр

3 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 28 575 адам коронавирус инфекциясынан (–27 231 + және 1344 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жарияланды.

Олардың ішінде 8 640 пациент стационарда, 19 935 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 541 адамның жағдайы ауыр,
  • 117 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Back to top button