Үнді штамы: Бекшин алдағы екі айға болжам айтты

Үнді штамы: Бекшин алдағы екі айға болжам айтты

Үнді штамы: Бекшин алдағы екі айға болжам айтты
ашық дереккөзі

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамы бойынша алдағы екі айға болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әрине, ауру деңгейіне болжам жасап отырамыз. Науқастар саны ең көп болатын кезең - тамыздың басы мен ортасы. Сондықтан вирус жұқтырғандар саны қыркүйектің басында азаяды деп отырмыз", - деді Бекшин ӨКҚ алаңында өткен брифингте.
Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Алматыға коронавирустың төртінші толқыны келгенін айтқан болатын.