Жаңалықтар

Үнді штамы: Бекшин алдағы екі айға болжам айтты

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамы бойынша алдағы екі айға болжам айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Әрине, ауру деңгейіне болжам жасап отырамыз. Науқастар саны ең көп болатын кезең – тамыздың басы мен ортасы. Сондықтан вирус жұқтырғандар саны қыркүйектің басында азаяды деп отырмыз», – деді Бекшин ӨКҚ алаңында өткен брифингте.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Алматыға коронавирустың төртінші толқыны келгенін айтқан болатын.

Back to top button