Жаңалықтар

Үнді штамы: Бекшин алдағы екі айға болжам айтты

ашық дереккөзі

Үнді штамы: Бекшин алдағы екі айға болжам айтты

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамы бойынша алдағы екі айға болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Әрине, ауру деңгейіне болжам жасап отырамыз. Науқастар саны ең көп болатын кезең - тамыздың басы мен ортасы. Сондықтан вирус жұқтырғандар саны қыркүйектің басында азаяды деп отырмыз", - деді Бекшин ӨКҚ алаңында өткен брифингте. Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Алматыға коронавирустың төртінші толқыны келгенін айтқан болатын.