Дельта штамы алғаш анықталған Алматы тұрғыны вирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды

Дельта штамы алғаш анықталған Алматы тұрғыны вирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды

Дельта штамы алғаш анықталған Алматы тұрғыны вирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды
ашық дереккөзі

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың дельта штамы алғаш анықталған науқас вирусты қай жерде жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда коронавирус инфекциясының үнді штамы бірінші болып 38 жастағы әйелден анықталды. Кейінірек оның сегіз жастағы баласы да дельта штамын жұқтырғаны белгілі болды. Бекшиннің айтуынша, ол вирусты дүкен аралап жүріп жұқтырған.
"Әйел пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасаған. Құрылыс материалдарын сататын ірі дүкендерге барып жүргенде, мүмкін, инфекция жұқтырды. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Олар ауруханадан шығарылып, үйде дәрігерлердің бақылауында", - деді қаланың бас санитар дәрігері.