Президент Олимпиадаға қатысушыларға Туды табыс етті

Президент Олимпиадаға қатысушыларға Туды табыс етті

Президент Олимпиадаға қатысушыларға Туды табыс етті
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан құрама командасының негізгі бөлігі кездесуге Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығынан телекөпір арқылы қатысты. Онда спортшылар Токиоға аттанар алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Президент Олимпиадаға баратын спортшылардың алдында сөйлеген сөзінде әлемнің басты спорт бәсекесінде ел намысын қорғау мәртебелі міндет, үлкен абырой, зор жауапкершілік екенін айтты.  />

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан Олимпиаданың 16 жеңімпазы, 71 жүлдегері шыққанын, жүзден астам ірі спорт кешені, оның ішінде,16 халықаралық деңгейдегі нысандар бой көтергенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев аса күрделі кезеңде Токиода жағылатын Олимпиада алауы бүкіл адамзат үшін жаһандық індетпен күрестің символы болатынын айтты. Президент әлемнің түгелге жуық елінде ұзаққа созылған локдаунның қалыпты тыныс-тіршілікке ауыр соққы жасағанына тоқталды.
<blockquote>– Сіздер халықаралық деңгейдегі өздеріңіздің көшбасшылық орындарыңызды нығайту үшін нағыз чемпионға тән мінез көрсетіп, Олимпиада лицензиясын иелендіңіздер. Осындай қиын-қыстау жағдайда сіздер спорттың өзін-өзі шектейтін қатаң режимін сақтап, өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.</blockquote>
<img src=Кері қайту Кері қайтуTwitter Facebook Басып шығару