– Сіздер халықаралық деңгейдегі өздеріңіздің көшбасшылық орындарыңызды нығайту үшін нағыз чемпионға тән мінез көрсетіп, Олимпиада лицензиясын иелендіңіздер. Осындай қиын-қыстау жағдайда сіздер спорттың өзін-өзі шектейтін қатаң режимін сақтап, өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
– Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Олимпиада тұғырына көтерілу сіздердің ғана жетістіктеріңіз емес, бүкіл ұлтымыздың абыройы. Олимпиада шыңы мыңдаған жасты спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және көздеген мақсаттарына жетуге шабыттандырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
– Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз ұлтымыздың денсаулығын жақсартамыз және бүкіл еліміз мақтан тұтатын Олимпиада жеңімпаздарының – спорт жұлдыздарының жаңа буынын тәрбиелеп шығарамыз. Мұндай саясат спорт секциялары мен аулалық клубтардың дамуына тың серпін береді. Сондай-ақ балалар жаттықтырушыларын ынталандыруға ықпал етіп, дарынды атлеттердің жаңа шоғырын айқындауға септігін тигізеді, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың Токиода рекордтық нәтижелер көрсететініне, еліміздің әлемдегі жетекші спорт державаларының арасындағы беделін нығайтатынына сенім білдірді. Президенттің айтуынша, атлеттердің әрбір жеңісінің артында, көбінесе назардан, камералардан тыс қалатын, олардың жаттықтырушыларының қажырлы еңбегі тұр.
– Сіздің ақ тілегіңіз – бізге ерекше күш-жігер береді. Халқымыздың риясыз махаббатын сезінеміз және өзімізге жүктелген жауапкершілікті түсінеміз. Сондықтан Отанымыздың абыройын арттыру үшін бар күшімізді салып, шеберлігімізді паш етеміз, – деді Ольга Рыпакова.
– Сіздің қолыңыздан еліміздің Туын алу – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Олимпиадаға қатысушы спортшылар қастерлі санайтын осы Тудың Токио төрінде жиі көтеріліп, Әнұранымыздың шырқалуы үшін барымызды саламыз, – деді бокстан Қазақстан құрама командасының капитаны.
Заңдар
2021 жылғы 01 шілде
Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасымен кездесті
2021 жылғы 02 шілде
Жарлық
2021 жылғы 02 шілде
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы