Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері пара алды деген күдікпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері пара алды деген күдікпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері пара алды деген күдікпен ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзі хабарлады.

1 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің қауіпсіздік департаменті ірі көлемде пара алғаны үшін Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицерін ұстады, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Күдікті Атырау полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Антикор офицерінің ұсталғаны туралы Атыраудың "Ақ жайық” порталы да хабарлады. Басылымның мәліметінше, ол 21 миллион теңге пара алған деген күдікке ілініп отыр.