Қазақстанның Сербия, Швеция, Бразилия, Чили елдеріндегі Елшілері тағайындалды
Қазақстанның Сербия, Швеция, Бразилия, Чили елдеріндегі Елшілері тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Сербия, Швеция, Бразилия, Чили, Аргентина елдеріндегі Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылды. Мәди Бәкірұлы Атамқұлов 1974 жылы 27 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген. 2003 жылы Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік емес секторда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылы Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің бірінші хатшысы ретінде дипломатиялық қызметте жұмыс істей бастады. 2006 жылдан бастап Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымын атқарып, СІМ Орталық аппаратының осы бөлімшесінің басшысына дейін қызмет етті. 2014-2015 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Қазақстанның Сербиядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2015 жылдан бастап ҚР Президенті Протоколының басшысы болды. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.