Назарбаев пен Путин келіссөзі: Кенесары ханның сүйегі елге қайтарылады

Назарбаев пен Путин келіссөзі: Кенесары ханның сүйегі елге қайтарылады

Назарбаев пен Путин келіссөзі: Кенесары ханның сүйегі елге қайтарылады
ашық дереккөзі
30 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Бірнеше сағатқа созылған келіссөз айтарлықтай жемісті болды. Бұған дейін де атап өтілгеніндей, тараптар ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестердің даму перспективасын талқылап, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты. Атап айтқанда, соңғы оқиғалар контексінде Ауғанстанның Орталық Азия мемлекеттерімен шекарасындағы шиеленісті жағдайлар талқыланды. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы осы өңірдегі шиеленістің арта түсуіне байланысты өз алаңдаушылығын білдірді. Елбасының былтыр коронавирус инфекциясынан қалай айыққаны туралы сөзі де БАҚ-тың ерекше қызығушылығын тудырды. Есте болса, тура сол кезде қарапайым азаматтар арасында да, осы соққыны өздеріне бірінші қабылдаған медицина қызметкерлері арасында да коронавирус жұқтыру шарықтау шегіне жеткен еді. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қатерге қарсы күресте қазақстандық медицина қызметкерлерінің ерен ерлігін бірнеше рет баса айтқан. Елбасы адамзат баласы бұл вирусты тек әлемдік ғылыми-медициналық қоғамдастықпен тығыз кооперация арқылы және әркімнің өз денсаулығын сақтауға жауапты қадам жасай отырып қана жеңуге болатынын әрқашан айтып келеді. Еске сала кетейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың сырқаттанғаны туралы ақпарат біздің елдің азаматтарын ғана емес, әлемдік қауымдастықты да аяғынан тік тұрғызды. Көптеген шетел көшбасшылары өз алаңдаушылығын білдіріп, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тез сауығып кетуін тіледі. Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын досы Владимир Владимирович Путин тіпті Тұңғыш Президентті бақылайтын қазақстандық мамандарға көмек көрсету үшін ресейлік дәрігерлерді жіберді. Елбасы коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен ауырған болатын. Медицина мамандарының кеңестері, ұсынымдары, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің денсаулық жағдайын мұқият бақылаудың арқасында бәрі жақсы өтті. Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселенің бірі Қазақ халқы үшін киелі саналатын Кенесары ханның сүйегін іздестіру және оны Қазақстанға қайтару тақырыбы болды. Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей Президентінен осы процеске көмек көрсетуін сұрады. Елбасы қазақтың соңғы ханының сүйегі өзінің туған жерінде жерленіп, рухының тыныш табуы қазақ халқы үшін аса маңызды мәселе екенін айрықша атап өтті. Владимир Владимирович Путин Тұңғыш Президентті Ресей тарапының бұл мәселеде жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің сөзіне қарағанда, артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады.