"20 мың тұрады": тұрғындар жалған вакцинация паспортын қалай алғанын айтты

"20 мың тұрады": тұрғындар жалған вакцинация паспортын қалай алғанын айтты

"20 мың тұрады": тұрғындар жалған вакцинация паспортын қалай алғанын айтты
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны туралы жалған құжат сатып алған қазақстандықтар жасырын түрде вакцинация паспортын қалай алғаны жайлы әңгімелеп берді, - деп жазды Tengrinews.kz. Жалған вакцинация паспортын жасау қылмыстық жазаны көздейді, сонымен қатар халыққа қауіп төндіреді. Өйткені ол адам коронавирус жұқтырып, жақындарына да таратуы мүмкін. Сонымен қатар, "жалған" вакцина салдырған адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыруы немесе тіпті өлімі халықтың вакцинаға деген сенімін төмендетеді. "Айтатын ештеңе жоқ. Ата-анам маған айтпай жасап алыпты. Үш төлқұжат үшін 45 мың теңге берді. Мамырдың басында, мұндай жағдай болмаған кезде. Ал қазір қалай екпе салдыратынымды білмеймін. Қорқып жүрмін", - деді 26 жастағы Артем (аты өзгертілген. - ескерту). Оның вакцинация паспорты дайын, Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие. "Неге бұрын вакцина алмадыңыз"деген сұраққа Артем "Спутник V" вакцинасын ДДСҰ мақұлдағанын күткенін айтты. Айжанға (аты өзгертілген. - ескерту) жұмысқа бару үшін вакцина алғаны туралы анықтама қажет болған. "Мен 20 мың теңгеге сатып алдым. Мамырда "бірінші" дозаға, маусымда "екінші" дозаға бардым. Процесс осылай өтеді. Алдымен келіссөз жүргізді. Олар келу керек деді. Мен процедуралық бөлмеге кірдім, олар жай ғана инъекция жасады, ал вакцинаны төгіп тастады. Кейін сол жерде біраз отырдым, сосын болды. Екінші дозада да солай болды. Әрқайсысына 10 мың теңгеден төледім", - деді Жәмила. паспорт