Жаңалықтар

Өткен тәулікте 2,5 мың адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2590 адамда коронавирус індеті расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 764, Алматы қаласы – 353, Шымкент қаласы – 103, Ақмола облысы – 88, Ақтөбе облысы – 63, Алматы облысы – 59, Атырау облысы – 103, Шығыс Қазақстан облысы – 82, Жамбыл облысы – 32, Батыс Қазақстан облысы – 143, Қарағанды облысы – 468, Қостанай облысы – 52, Қызылорда облысы – 49, Маңғыстау облысы – 107, Павлодар облысы – 59, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 38.

Айта кетейік, 30 маусым күні бір тәулікте коронавирус – 2436, 29 маусымда – 2016, 28 маусымда 1324 адамнан анықталған болатын.

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 428 163 адамнан анықталды.

Back to top button