Қызылорда облысында 45-46 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қызылорда облысында 45-46 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қызылорда облысында 45-46 градусқа дейін аптап ыстық болады
ашық дереккөзі

Қызылорда облысында алдағы аптада аптап ыстық болады. Кей жерлерде ауа температурасы 45-46 градусқа дейін көтеріледі.

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, өңірде 27 маусымнан бері аптап ыстық байқалып отыр. Күндізгі температура 39-44 градусты көрсетсе, ол түнге қарай 25-30 градус щамасында. «Ол оңтүстіктен келген жылы ауа массасының әсерінен болып отыр. Ауа райының мұндай құбылысы алдағы бір апта көлемінде сақталады. Ол кей жерлерде 45-46 градусқа дейін жетеді деп күтілуде. Өте жоғары өрт қаупі бар», - деді «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жүкелева. Осы орайда дәрігерлер азаматтардан барлық сақтық шараларына назар аударуды сұрайды. «Аптап ыстықта адамдарда бас айналу, әлсіздік, енжарлық байқалады. Кей жағдайда мұрыннан қан кету жағдайы көрініс береді. Қан қысымы көтеріліп кетуі мүмкін. Осындай сәттерде өздерін жайсыз сезінген, жүрек-қан тамыры ауруымен сырқаттанатын адамдар далаға шықпағаны дұрыс», - деді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Толқын Мұхамбет. Еске салсақ, дәл осындай жағдай екі жыл бұрын тіркелген еді. 2019 жылдың маусым айының соңғы екі күні мен шілде айының басында Қызылорда облысының басым бөлігінде ауа температурасы 44-47 градусқа дейін жеткен болатын.