2 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

2 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

2 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі

1996 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар» туралы Заңы қабылданды.

1999 жылы Астрахан қаласынан бұрғылау баржасы суға түсірілді. Бұл шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Фариза Оңғарсынова қатысып, бұрғылау баржасына «Сұңқар» есімін берді. Баржаның ұзындығы - 85, ені - 53 метр, бұрғылау мұнарасын қоса есептегендегі биіктігі - 50 метр, салмағы - 10000 тонна. Сұңқардың бірінші бұрғылау жұмыстары Шығыс Қашағаннан бастау алды. 2010 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатының №4 домна пешінде Қазақстан Магнитінің 50 жылдығына орай, мерейтойлық шойын шығару салтанаты өтті. 2011 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында әлемде жалғыз экшн жанрындағы кинофестивалінің тұсауы кесілді. Бұл кинофестивальдің негізін салушы және президенті - танымал режиссер, продюсер Тимур Бекмамбетов. 2013 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш агенттігіне бағынысты «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Алматы облысының Іле ауданында орналасқан ғарыштық инфрақұрылымның жаңа нысанына ие болды. Жаңа нысан халықаралық стандарттарға сай ең заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған. 2013 жылы Қазақстанның шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 20 жыл толуына арналған маркаларды айналымға енгізу рәсімі өтті. Пошталық маркада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекеттік ту фонындағы Қазақстанның территориялық бедері күн сәулесімен бейнеленген, оның астында қалықтап ұшқан қыран құсы. Көркемдік блок жиегінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық байланыс орнатқан мемлкеттердің тулары бейнеленген. 2014 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ашылды. Бұл - Орталық Азиядағы бірегей жоба. 74 мың шаршы метрден астам аумақта Қазақстанның археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени ескерткіштері жиналған. Ұлттық музейде Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, алтын залы, көне және ортағасырлық тарих залы, тарих залы, этнография залы, қазіргі заман өнері залы бар. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Манас» І дәрежелі орденімен марапаттау туралы» Қырғызстан Президентінің Жарлығы шықты. 2016 жылы қазақстандық археологтар біздің эрамызға дейінгі І ғасырдағы отбасылық қазбаларды тапты. Олардың ДНҚ құрамын анықтау үшін арнайы жапон генетиктері шақырылды. Бұдан өзге, археологтар Берел қорымдарындағы Патшалар алқабынан біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырлық мұраларды және патша отбасының зиратын тапты. 2017 жылы қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Болгарияда өткен ашық чемпионатта екінші медаль иеленді. Ол 50 метрге жүзу бойынша «қола» жүлде жеңіп алды. Бұған дейін ол 100 метрге жүзіп, алтын медаль еншілеген болатын. 2018 жылы Астана БҰҰ бастамасымен «Ақылды» тұрақты қалалар тұрғызу мақсатына күш біріктіру» жобасына кіру туралы ресми хат алды. Астананың жаңа халықаралық бастамаға кіруін растайтын хатты Astana Innovations басшысы Әлішер Әбдіқадыров алды. 2018 жылы Тәуелсіздік сарайында «Global Silk Road» Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің I форумы өтті. Форумға қатысушылар «Белдеу мен жол» жобасында аймақтағы экономикалық байланыстың жаңа тетіктерін, осыған тартылған елдердің экономикалық дамуын, мәдени салада және басқа да бағыттарда ой алмасты. Достық символы ретінде «Жібек жолының Алтын көпірі» архитектуралық кешенінің іргетасын қалау тарихи оқиға болды. Көпірдің ұзындығы – 28 метр. Ол жаһандық қоғамдастықтың ортақ тағдыр, ортақ мүдделері мен ортақ жауапкершілігін құру туралы арманын бейнелейді. 2019 жылы Елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық төрелік орталығы ашылды. Бұл рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Аталған құқықтық институттар ағылшын құқықтық қағидасы негізінде жұмыс істейді. Astana Finance Days халықаралық форумы аясында өтіп жатқан шарада қаржы орталығының бір жылдық жұмыс нәтижесі қорытындыланып, орталықты басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Президент форумға арнайы келген бірқатар делегаттармен кездесу өткізіп, қаржы орталығын ары қарай дамытуға бағытталған нақты мәселелерді талқылады.