- нысан бойынша өтініш;
- өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
- соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама;
- жұмыс орнынан анықтама;
- Банктен тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған хат.
Ертеңнен бастап 2 мың алматылыққа тұрғын үй сертификаты беріледі
Ертеңнен бастап 2 мың алматылыққа тұрғын үй сертификаты беріледі
Ертеңнен бастап Алматыда тұрғын үй сертификаттарын алуға өтінім қабылдау басталады.
Алматы әкімдігі қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттарын беруге 2 млрд теңге бөлді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев айтты.
Спикердің айтуынша, бұл сома 2 мың алматылықтың «Отбасы банкінен» жеңілдетілген ипотека алу үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін жеткілікті.
Сондай-ақ, Данияр Қырықбаев тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағыттары бойынша тегін әрі қайтарымсыз негізде 1 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек түрінде берілетінін атап өтті.
«Сертификаттарды кезекте тұрған 1 мен 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы отбасылар алады», – деді Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы.
«Сертификат алу үшін «Отбасы банкте» алдын ала төлем қабілеттіліктен өткен азаматтар белгіленген нысандағы құжаттар мен өтінішпен Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасына жүгінеді. Үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығы мен мәртебеңіздің сертификат беру шарттарына сәйкестігі тексеріледі», – деді ол.
Қажетті құжаттар тізімі мынандай: