«Қазақстан барысы» турнирінің ережесіне өзгерістер енді

«Қазақстан барысы» турнирінің ережесіне өзгерістер енді

«Қазақстан барысы» турнирінің ережесіне өзгерістер енді
ашық дереккөзі
4 шілдеде елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Қазақстан барысы» турнирі өтеді. Дүбірлі дода ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналып отыр.
Жарысқа іріктеуден өткен 37 балуан қатысады. Qazaq kuresi Ассоциациясы бекіткен ережелерге сәйкес, биыл күрес уақыты 5 минуттан 4 минутқа, қойын-қолтық белдесу уақыты 2 минуттан 1 минутқа қысқарған.
Ал сайыстың жүлде қоры өзгеріссіз қалды. Жеңімпазға 25 млн теңге және алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» беріледі. ІІ орын иеленген палуан 5,5 млн теңге алса, ІІІ орын иегері 1,8 млн теңгені қанжығалайды.
Жанкүйерлер турнирді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирден көре алады. «Qazsport» арнасындағы тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де, «Qazaqstan» арнасында 17:00-де басталады. Балуандар сайысын сондай-ақ арналардын ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалауға мүмкіндік бар.