Жаңалықтар

Аман-есен босанды: жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігінде жүкті әйел болған (видео)

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында аударылып қалған жедел жәрдем көлігінің салонында жүкті әйел болған. 

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, таңертең Петерфельд ауылының маңында апат болған. Жедел жәрдем көлігі Петропавлға қарай бір бағытта келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысыпты. Оқиға орнында түсірілген кадрларды куәгерлер әлеуметтік желіге жариялады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан бірнеше адам зардап шеккен. Бұл – жедел жәрдем жолаушысы және жеңіл көліктің екі жолаушысы. Сонымен қатар, медициналық мекемеге 28 жастағы жүкті әйел шұғыл жеткізілді, ол таңертең перинаталды орталыққа ауруханаға жатқызылды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апаттан кейін бірден ауруханаға түскен науқас аман-есен босанды. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Қазір жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН (@dtp_sko)

Back to top button