Жаңалықтар

Шілдеде ауа райы қандай болады? – Қазгидромет

Шілде айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары, еліміздің солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтіледі.

Қазақстан аумағында ауа райының антициклонды түрі басым болады деп болжанады, ыстық және жауын-шашын аз болады деп күтіледі, тек жекелеген күндері циклонның өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел екпіні 15-25 м/с күшейеді.

«Республиканың батысында шілденің бірінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп төмендеуі мүмкін, түнгі уақытта термометр бағаналары +19+28 градустан +12+23 градусқа дейін, күндіз +30+38 градустан, оңтүстік-батыста +41 градустан +24+32 граудсқа дейін төмендейді.
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы келесі шектерде сақталады: түнде +15+25 градус, күндіз +33+38 градус, кей жерлерде +41 градус; еліміздің оңтүстік жартысында түнде +20+30 градус, күндіз +37+45 градус, таулы аудандарда +30 градус, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Ыстық ауа райы елдің шығысында да күтіледі, ауа температурасы түнде +12+20 градустан +20+28 градусқа дейін, күндіз +27+35 градустан +33+41 градусқа дейін жоғарылайды, онкүндік соңында ауа температурасы 7-10 градусқа төмендеуі мүмкін», – делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.
Шілденің екінші онкүндігі басында алдымен батысы пен солтүстік-батыста ауа температурасының жоғарылауы болжанған, кейін онкүндіктің ортасынан бастап бүкіл аумақта температуралық фонның жоғарылауы болжанады:

  • батыста және солтүстік-батыста: түнде +22+30 градусқа дейін, күндіз +33+43 градусқа дейін;
  • солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде +15+23 градусқа дейін, күндіз +28+39 градусқа дейін;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде +18+27 градусқа дейін, күндіз +35+43 градусқа дейін;

«Үшінші онкүндікте еліміздің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде +10+17 градустан +17+25 градусқа дейін, күндіз +22+33 градустан +30+38 градусқа дейін, солтүстік жартысында түнде +5+13 градустан +13+20 градусқа дейін, күндіз +18+26 градустан +26+33 градусқа дейін ауытқуы күтіледі», – дейді синоптиктер.

Back to top button