Суретке түсемін деп өзенге құлап кетті: Шарынға ағып кеткен азамат табылмай жатыр

Суретке түсемін деп өзенге құлап кетті: Шарынға ағып кеткен азамат табылмай жатыр

Суретке түсемін деп өзенге құлап кетті: Шарынға ағып кеткен азамат табылмай жатыр
ашық дереккөзі
Алматы облысында 37 жастағы ер адамды суретке түсу кезінде өзен ағыны алып кетті. Құтқару жұмысы жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  «1 шілдеде сағат 11.15-те «112» пультіне Алматы облысының Кеген ауданында 1984 жылы туған ер адамды Шарын өзенінің ағыны алып кеткені туралы хабар түседі. Іздестіру жұмысын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 15 адам мен 4 техника. Сағат 12.05-те оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 8 адам мен 1 кинологиялық есеп. Сағат 13.00-де оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы ұшып шықты. Қосымша күштер мен құралдар жіберілетін болады», - деді министрліктің баспасөз қызметінен. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам туристік топпен жүрген. Фотоға түсу кезінде қауіпті аймақта аяғы тайып кетіп, суға құлаған. Оны өзен ағыны алып кетті.