Алматыда үнді штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады

Алматыда үнді штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады

Алматыда үнді штамын жұқтырғандар саны көбейіп барады
ашық дереккөзі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өңірде «дельта» штамын жұқтырғандар саны көбейіп бара жатқанын мәлімдеді.  «Қалада соңғы 10-14 күн ішінде инфекция деңгейінің көтерілуі байқалды. Егер басында «дельта штамы» жалпы ауру жұқтырғандардың 23 пайызын қамтыса, бүгінде бұл көрсеткіш 78 пайызға жетті. Бұған дейін тәулігіне 144 ауру жұқтыру дерегі тіркелсе, бүгінде ол 305-ке жеткен. Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігінде ауру белгісі бар, ал симптомы білінбейтіндер небәрі 23 адам», - деді ол. Әкім орынбасары қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды вакциналауға шақыру маңызды екенін де айтты. Айта кетейік, Алматы облысында коронавирустың «Дельта» штамын жұқтырудың 2 жағдайы тіркелді.