Жаңалықтар

Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Елшісіне «Достық» орденін табыс етті

ашық дереккөзі

Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Елшісіне «Достық» орденін табыс етті

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының Елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы істер министрлігі мәлім еткендей, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ министр Елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.