Айтыскер Балғынбек Имаш вакцина салдырмағандарға 500 үй сыйлайтынын айтты

Айтыскер Балғынбек Имаш вакцина салдырмағандарға 500 үй сыйлайтынын айтты

Айтыскер Балғынбек Имаш вакцина салдырмағандарға 500 үй сыйлайтынын айтты
ашық дереккөзі

Айтыскер Балғынбек Имаш вакцина салдырмағандарға баспана сыйлайтынын айтты. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Көп адамдар жекеме хат жазып мәжбүрлі, міндетті вакцинация туралы неге жазбайсыз дейді… Көп адамдар “Аманат Хоум” туралы посттарыңызды неге алып тастадыңыз, неге жарнамалауды тоқтаттыңыз дейді… Көп адамдар көмек сұрап, алғашқы 35% жарна салуға ақшамыз жоқ, “Аманат Хоум” арқылы тегін үй алып беріңізші дейді… Көп адамдар… Ия, Мен жалғызбын! Бірақ менің барлық құлдарына қамқорлығы жетіп артылатын ЖАЛҒЫЗ, ӨТЕ ҚҰДІРЕТТІ, МЕЙІРІМДІ РАББЫМ бар! Мәжбүрлі Вакцинацияға қарсы мен ештеңе жасай алмаймын! Өйткені, оның жарнамасы да, ұялы телефон, ақша, көлік, тіпті, пәтер тігіп елді тарту, қызықтыру, қала берді қорқыту, міндеттеу, қоқан-лоққы жасау сияқты түрлі насихаты мен нақты әрекеттері жаппай белең алып кетті. Бірақ, Мен де қарап жатпайын, қайырымдылық қорын ашайын! Қазағым үшін әрекет етейін! Алла бұйыртса, ҰТЫС жариялаймын! Вакцина алмағандар үшін! Алыңдар деп желіге салмағандар үшін! БАЛҒЫНБЕКТЕН 500 БАСПАНА! Бес емес, бес жүз! Ұтыстың шарттарын алдағы уақытта жариялаймын! - деп жазды желідегі парақшасында. (Автордың орфография, пунктуациясы өзгертілмей беріліп отыр)