Жаңалықтар

1 шілде: Елеулі оқиғалар күнтізбесі

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойылды.

1993 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Республикалық қордың ашылу салтанаты өтті.

1993 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан жолдары» мемлекеттік акционерлік компаниясы құрылды. Ол автомобиль жолдары мен темір жолдарды, көпірлер мен жол өткелдерін, жол-құрылысы материалдарын, бұйымдары мен құрылғыларын өндірумен, жол-құрылысы техникасын жөндеуден өткізумен, жол жұмыстарына қажетті жабдықтар жасаумен айналысады.

1993 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Крамдс АҚ жанынан Крамдс Ұлттық акционерлік компаниясы құрылды.

1994 жылы қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев бортинженер ретінде Мир ғарыш стансасына сапар шекті. Сапар 176 тәулікке созылды.

1994 жылы Алматы қаласында Райымбек батыр кесенесінің ашылу салтанаты өтті.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразия мемлекеттері қауымдастығын құру жөніндегі ұсынысының жобасы БҰҰ-да Бас Ассамблеяның құжаты ретінде таратылды.

1996 жылы Щучье қаласында ҚР Қарулы Күштері құрамына кіші командирлер кадрын дайындау мақсатында кадет корпусы ашылды. 2000 жылы осы оқу орнына қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, ағартушы-демократ Шоқан Уәлиханов есімі берілді.

1997 жылы тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Алматыдағы Республика алаңында мектеп бітіруші түлектердің салтанатты кеші болып өтті. Алматының алты ауданынан жиналған оқушылар тәуелсіздік монументі алдында гүл шоқтарын қойып, аспанға ақ көгершіндер ұшырды. Осыдан кейін бұл шара жыл сайын өтетін болды.

1998 жылы Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшеліктерін негізге ала отырып, оның ерекше мәртебесін айқындаған құқықтық негіздерді қаржымен, экономикалық және әлеуметтік жағынан ынталандыру шараларын белгілеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепілдіктерін белгілеген Қазақстан Республикасының Алматы қаласының мәртебесі туралы Заңы қабылданды.

2005 жылы Қазақстан Краков бастамасы деген атпен белгілі жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бастамасына қосылды. Бұл бастаманың мақсаты – күдікті әуе және теңіз кемелерін, сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруымен байланысты материалдарды тасымалдайтын құрлық көліктерін ұстау үрдісіне барлық мемлекеттерді жұмылдыру.

2006 жылы Лондонда (Англия) Қазақстан мен Ұлыбритания үкіметтерінің қолдауымен әзірленген Invest in Kazakhstan мамандандырылған жоғары сапалы экономикалық басылымының (көлемі 250 беттен астам) таныстырылымы болды.

2008 жылы ҚР Президентінің №625 Жарлығына сәйкес ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды.

2009 жылы Қазақстанда Халықаралық дағдарысқа қарсы бағытталған есеп-тауарлық орталығы ашылды.

Бұл – тауарлардың тізбегін алмастыру шарты бойынша таңдау және аңықтау бойынша компьютерлік жүйе. Резервтегi есептеу жүйесі отандық өнеркәсiптердің өнiмдерін өткiзуге кеңейтілген мүмкiндiк бередi. Автоматтандырылған компьютерлік жүйенің ақпараттандырылған өрісі кәсіпкерлерге шикізатты қайдан сатып алатынын және дайын өнімді қайда сататынына көмек көрсетеді.

2009 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі өтті.

2010 жылы Алматы облысындағы Іле ауданының Чапаев кентінде Сарыбұлақ компаниясы ЖШС-ның соя өңдейтін зауыты іске қосылды. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа телекөпір кезінде таныстырылған инновациялық жобалардың бірі. Зауыт соямен қатар жүгері мен рапсты, күнбағыс тұқымын өңдейді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 75 мың тоннаға дейін өнім шығара алады. Жобаның құны – 825 млн. теңге. Кәсіпорынды салу және жарақтандыру өз қаражаттары есебінен жүргізілді. Мұнда 60 жұмыс орны ашылды.

2011 жылы Астанада Егемен Қазақстан газеті шығарған Салтанат атты мақалалар жинағы таныстырылды. Онда басылымның Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі барысында жарияланған тарихи әрі озық ойлы материалдары енген. Жинаққа газет бетінде шыққан мақалалардан бөлек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі мінберлерден ЕҚЫҰ жұмысына, төрағалыққа байланысты айтқан сөздері, отандық және шетелдік халықаралық басылымдарға берген сұхбаттары кірген.

2011 жылы Кеден одағы толықтай өз жұмысын бастады: Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы ішкі шекараларда кеден бақылауы алынып тасталды. Кеден бақылауы мен рәсімдеуінің барлық түрлері Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстырылды.

2013 жылы Қазмедиа ғимаратында жаңа Қазспорт телеарнасының ашылуы өтті.

Телеарнаны құру барысында Евроспорт, Sky sport, ESPN, НТВ Плюс спорт сынды шетелдік арналардың тәжірибесі ескерілді. Бүгінде бұл арна бүкіл қазақстандық спортсүйер қауымға танылып үлгерді. Арнаның алғашқы халықаралық деңгейдегі телекөрсетілімі – Тур де франс 2013 турнирінің трансляциясы болды. Бұл көрсетілім барысында Олимпиада чемпионы Александр Винокуров жүргізушілік қызметке атсалысты.

2015 жылы Сағып шаруа қожалығында дайындалған павлодарлық қымыз Якутияда өткен Қымыз – құдай берген сусын атты бірінші халықаралық байқауында үздіктердің бірі болып танылды.

Бұл байқауға Моңғолия, Башқұртстан және Тыва, Қырғызстан елдерінде бие сүтінен сусын дайындаушылар, жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативтері мен кәсіпорындары қатысты.

2015 жылы Хабар және КТК телеарналарында Назарбаевпен ең бастылар жайлы… атты деректі фильмның көрсетілімі болды.

2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Нұрсұлтан Назарбаевтың Өмір өткелдері атты сұхбат кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта Елбасы өзінің шыққан тегі, балалық шағынан бастап, мектептегі, Днепродзержинскідегі жастық жылдары, Теміртаудағы құрыш құйған шағы туралы әсерлі әңгімелейді.

Back to top button