Елбасы ресейлік дәрігерлер туралы пікір білдірді

Елбасы ресейлік дәрігерлер туралы пікір білдірді

Елбасы ресейлік дәрігерлер туралы пікір білдірді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинге коронавирустан емделуге ресейлік дәрігерлердің де көмегі көп тигенін айтты, - деп хабарлады РИА Новости «Пандемия кезінде Қазақстанға көмектесіп, қолдау көрсеткені үшін шын жүректен Ресей тарапына алғыс айтамын. Ауырып қалған кезімде ресейлік дәрігерлердің қасымда 10 күн болып, ем-дом жүргізгенін ешуақытта ұмытпаймын. Менің сауығып кетуіме тигізген көмегі орасан», - деді Елбасы В.Путинге Мәскеудегі келіссөз кезінде. «Санкт-Петербургтегі көрмеге барғанымыз есіңізде ме? Сонда бірлескен өндіріс орнын ашу туралы келіскен едік. Қазір Қарағандыда сол өндіріс орны сол сападағы, көп көлемде ресейлік вакцина өндіруде», - деп қосты Н.Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы қазақстандықтарды өз денсаулығына ұқыпты қарап, вакцина алуға шақырды. «Қазақстандықтарды вакцина алудан қорықпауға шақырамын. Әсіресе, коронавирустың жаңа штамдары пайда болып жатқандықтан, вакцина алудың маңызы зор. Мұны әркім өз денсаулығы үшін жасауы керек. Қиын кезеңде өмір сүріп жатырмыз, бұл қиындықты бірге еңсеруіміз қажет. Баршаңызға денсаулық тілеймін», - деді Н.Назарбаев. Сөз соңында Елбасы Владимир Путиннің деніне саулық, жұмысына табыс тіледі.