Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

ашық дереккөзі

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Кездесу барысында Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бұрыннан мемлекетаралық қатынастың жарқын үлгісі екенін атап өтті. – Біздің байланысымыздың тарихы, яғни  Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – тұрақты әрі мемлекетаралық қатынастың үлгісі болып саналады. Мен бұдан былай да осы бағытты ұстана беремін, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентіне пандемия кезінде Қазақстанға көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Қарағанды фармацевтикалық зауытында ресейлік вакцина шығару аясындағы тиімді әріптестіктің жайына тоқталды. Владимир Путин коронавирус пандемиясының теріс әсеріне қарамастан екіжақты байланыс оң қарқын алып отырғанын атап өтті.  – Сіздің арқаңызда Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. Пандемия салдарынан тауар айналымы 4 немесе 5 пайыз төмендегеніне қарамастан, биылғы жылдың алғашқы жартысында 20 пайызға жуық өсім байқалып отыр. Бұл өзге бағыттар бойынша да біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы дамитынын көрсетеді, – деді Владимир Путин. https://youtu.be/kql5wE9AN2Q