Елбасы туралы жаңа деректі фильм шықты

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Штрихи к портрету. Лидер» атты жаңа деректі фильмнің трейлері шықты. Видеоны Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады.

«1 шілдеде сағат 21.30-да «Хабар» арнасының эфирінде «Штрихи к портрету. Лидер» атты фильмнің көрсетілімі өтеді. Бұл Елбасы мен журналист Айгүл Әділованың Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған деректі жобасының жалғасы», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Back to top button