Мемлекет басшысы жер қатынастарын дамыту бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жер қатынастарын дамыту бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жер қатынастарын дамыту бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Жалпы, заң жобасында мына нормалар көзделген:
  • мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жалдау құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте оларды пайдалану мерзімі – кемінде бес жыл, сондай-ақ жер қатынастары органдарын хабарлау міндетті шарт болып табылады.
  • жер ресурстарын басқару комитетінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару;
  • жер үлестері есебінен құралған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін кепілге салу кезінде үлес иелерінің келісімі болғанда рұқсат беру;
  • ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын бағбандық және саяжай құрылысына өзгертуге тыйым салу;
  • жер беру комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімін белгілеу бойынша нормаларды нақтылау;
  • халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;
  • берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет ресурсында ашық түрде орналастыру.