Жаңалықтар

Елордада 15 жаңа мектеп салынады – қала әкімі

ашық дереккөзі

Елордада 15 жаңа мектеп салынады – қала әкімі

Биыл елордада жаңадан 15 мектеп салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. – Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарының жыл сайынғы өсуі ескеріле отырып, ірі мектептер салынып жатыр. Биыл 15 мектеп салынады, осылайша 40 мыңнан астам оқушыға жаңа орын болады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал 2019 жылғы көрсеткіштен төрт есе көп», – деді А. Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. – Мысалы, 2019 жылы 5,5 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, бірінші сыныпқа 24,5 мыңға жуық бала келді. Ал 2020 жылы – 6,6 мың түлек болса, бірінші сыныпқа 21 мыңнан астам бала келді. 2030 жылға қарай – Нұр-Сұлтанда 400 мыңға жуық оқушы болады деп болжап отырмыз. Әрине, бұл тамаша көрсеткіш, тиісінше мектептердің көбірек ашылуын талап етеді. Біз ірі мектептердің құрылысына көштік. Білім мекемелері қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын үй массивтерінде салынып жатыр. Қажеттілігі бар аудандарға ерекше назар аударылады, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.