Түркістандағы «Керуен-сарай» кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістандағы «Керуен-сарай» кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістандағы «Керуен-сарай» кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
ашық дереккөзі

Түркістанда «Керуен-сарай» кешеніне жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бұл туралы өз facebook парақшасында жариялады. Әлеуметтік желіде кешеннің қабырғалары құлап жатқаны туралы тараған видеоға әкім орынбасары «жоспарлы жөндеу» деп жауап берді.
– Нысан басшылығының өтініші бойынша келушілердің қауіпсіздігін сақтай отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желі пайдаланушыларынан анық емес ақпаратты таратпауды сұраймын. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынғанын еске салайын. Құрылыстың сапасына инвестор жауапты, – деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.
87 миллиард теңгеге салынған кешеннің бұдан өзге де тұстары жамалып, қайта өңделіп жатыр. Айта кетейік, кешен 2021 жылғы 10 сәуірде ашылған болатын.