Мақта бағасы өседі: Енді киім қымбаттай ма?
Мақта бағасы өседі: Енді киім қымбаттай ма?
Елімізде өзімізде өндірілген киім-кешек қана емес, шетелден келетін киімдердің де бағасы қымбаттайды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қазақстанда мақта аз, бірақ ол елді қамти алады, тігін кәсіпорындарына шамамен 15-20 мың тонна мақта керек.Сондай-ақ, әлемдік нарықта мақта бағасы өскен.
Енді киім бағасы қымбаттайды. Себебі, шетелден келетін киімнің шикізаты 30 пайызға қымбаттаған. Ал отандық мақтамен тек мемлекет тапсырысы орындалады.
– Жалпы, біздің елде өсірілетін мақта көлемі ішкі нарықты қамти алады. Бірақ оның барлығы дерлік экспортталатындықтан, өзімізге мақта жетпейді, – деді Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова.