Вакцина алған студенттерге оқу ақысын төлеу мен жатақханада тұру бойынша жеңілдік жасалады

Вакцина алған студенттерге оқу ақысын төлеу мен жатақханада тұру бойынша жеңілдік жасалады

Вакцина алған студенттерге оқу ақысын төлеу мен жатақханада тұру бойынша жеңілдік жасалады
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы вакцина алған университеттердің студенттеріне оқу ақысын төлеуге және жатақханада тұруға жеңілдік жасалады. Сондай-ақ, шипажайларға жолдама,  тегін тамақтануға және қоғамдық көлікпен жүруге талондар беріледі. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Ведомствоның дерегінше, студенттерге жасалатын жеңілдік мұнымен бітпейді. Вакцинан алған жастар фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады.
Сондай-ақ, қазір жер-жерде вакцина салдырған азаматтар арасында сыйлық ойнату үрдіске айналып бара жатыр. Мәселен, бүгін ғана Елорда әкімдігі екпе салдырған жандарға тегін 20 ұялы телефон тарататын хабарлады. Бұған дейін де бас қалада автокөлік пен 2 бөлмелі пәтердің ұтысқа қойылғаны хабарланған еді. Мұндай ынталандыру еліміздің басқа да өңірлерінде де қолға алынған, - дейді БҒМ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті басшысының орынбасары Бану Нарбекова.
Ал, кейбір жоғары оқу орындары вакциналанған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастырады. вакциналау шараларын қолдауға арналған акцияларды бастап кетті.