Аллергиясы бар адамдарға вакцина салуға бола ма – маман пікірі

Аллергиясы бар адамдарға вакцина салуға бола ма – маман пікірі

Аллергиясы бар адамдарға вакцина салуға бола ма – маман пікірі
ашық дереккөзі
Көпбейінді медициналық орталық директорының орынбасары Сәуле Атығаева аллергиясы бар адамдарға вакцина салу мәселесін түсіндірді. «Анафилактикалық шок немесе Квинке ісігі түрінде кездесетін ауыр аллергиялық реакциялар вакцинацияға қарсы көрсеткіш болып есептеледі. Вакцина компоненттерінің біріне аллергия болса, екпе салмауға болады. Сонымен бірге қандай да бір сырқаттың асқынуы кезінде вакцина алуға болмайды. Әрине, екпе алғысы келген әр адамға жеке назар аударылуы керек. Міндетті түрде, учаскелік терапевт немесе жалпы практика дәрігері пациенттің ағзасында вакцинаға қарсы көрсеткіштер бар-жоғын анықтау үшін оның медициналық картасын зерттеп барып шешім шығарады», - деді Сәуле Атығаева.