Еліміздегі вакциналардың қайсысы үнді штамынан жақсы қорғайды – ғалым

Еліміздегі вакциналардың қайсысы үнді штамынан жақсы қорғайды – ғалым

Еліміздегі вакциналардың қайсысы үнді штамынан жақсы қорғайды – ғалым
ашық дереккөзі
Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, иммунолог Алмаз Шарман қазақстандықтарға егіліп жатқан вакциналардың басты ерекшеліктерін атады. «Вакциналарға екі тұрғыда қарау керек деп есептеймін. Қазақстандағы «Спутник V» вакцинасы екі компонентін толық алған жағдайда ағзаны вирустан жақсы қорғай алады. Сыңар компонентін емес, қос компонентін бірдей алу маңызды. Гамалея институты мәлімдеген зерттеулер зертхана құтысында жасалған. Яғни, олар вирусты құты ішінде заласыздандырды. Негізі, вакцинаның тиімділігі дәлелдейтін жалғыз дұрыс жол – шынайы жағдайда сынау. Басқа мемлекеттерде аденовирустық вакциналар дельта-вирустан екі компонентін бірдей алғанда тиімді қорғай алатынын көрсетіп отыр. Мен елімізде салынып жатқан вакциналар «дельта+» штамынан да қорғай алады деп топшылап отырмын. «Спутник V» вакцинасы да аденовирустық екпе болғандықтан, оны да дельта штамынан қорғайды деп айтуға болады», - деді профессор. Сарапшы QazVac вакцинасының мүмкіндігіне де тоқталды. «Қазақстандағы вакциналардың келесі түрі инактивтендірілген екпе екенін білесіздер. Ол – Sinopharm, Sinovac сияқты вакциналар. Мен QazVac-ты да осы қатарға қосар едім. Бұл екпелер көбінесе қайғылы жағдайлардан қорғауға бағытталған. Яғни, ауыр жағдайдағы науқастарды жақсы қорғайды. Бұл екпелер науқас жұқтырудан азырақ қорғағанымен, реанимация мен жасанды өкпе аппараттарына түспеуіне көмектеседі. Аталған вакциналардың осы қасиеттері дельта штамына да дәл осылай әсер етеді деп есептеймін. «Дельта+» штамы туралы естіп жатырмыз. Бірақ оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлі ресми растамағандықтан, әзірге дельта штамы деп жалпы атаумен қарау жөн деп ойлаймын», - деді Алмаз Шарман.