АҚШ ғалымдары «ақылды» маска жасап шығарды

АҚШ ғалымдары «ақылды» маска жасап шығарды

АҚШ ғалымдары «ақылды» маска жасап шығарды
ашық дереккөзі

Ол адамдардың коронавирус жұқтырғанын анықтайды, – деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңа масканы Массачусетс технологиялық институты мен Гарвард университетінің ғалымдары ойлап тапты.
«Ақылды» маска бұрын  Эбола және Зика вирусын жұқтырғандарды анықтау үшін қолданылған.Бұл ерекше бетперде ішінде орнатылған арнайы құрылғының көмегімен небары бір жарым сағат ішінде адам вирус жұқтырған болса, белгі береді. Құрылғыны тіпті зертханалық халатқа немесе кез-келген киімге де тігіп алуға болады екен.
Сондай-ақ, маңайдағы өзге адамдарға байқатпау үшін датчикті жасырын түрде қосатын тетігі де бар.